Kaspersky Endpoint Security сәтті орналастырылуын тексеру

"Лаборатория Касперского" бағдарламаларын, мысалы, Kaspersky Endpoint Security бағдарламасын дұрыс орналастырғаныңызға көз жеткізу үшін:

  1. Kaspersky Security Center Web Console көмегімен мыналарды тексеріңіз:
    • Kaspersky Endpoint Security және/немесе сіз қолданатын басқа қауіпсіздік бағдарламалары саясаттары;
    • Kaspersky Endpoint Security for Windows тапсырмалары: Вирустарды жылдам іздеу және Жаңартуларды орнату (Егер сіз Kaspersky Endpoint Security for Windows қолдансаңыз);
    • сіз қолданатын басқа қауіпсіздік бағдарламаларына арналған тапсырмалар.
  2. Орнату тағайындалған басқарылатын құрылғыларда мынаған көз жеткізіңіз:
    • Kaspersky Endpoint Security немесе "Лаборатория Касперского" басқа қауіпсіздік бағдарламасы орнатылған;
    • Файл қауіптерінен қорғаныс, Веб-қауіптен қорғаныс және Пошта қауіптерінен қорғаныс параметрлері осы құрылғылар үшін жасалған саясатқа сәйкес келеді;
    • Kaspersky Endpoint Security қызметін қолмен іске қосып, тоқтатуға болады;
    • топтық тапсырмаларды қолмен іске қосуға және тоқтатуға болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламаларын Kaspersky Security Center Web Console көмегімен орналастыру

Басына оралу